389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузиялық саясаткерлер Қазақстандағы сайлау туралы пікірімен бөлісті

  • 404
  • UPD: 23:25, 07.06.2019

Көптеген өзге елдер секілді Грузия да Қазақстандағы саяси науқанды мұқият бақылап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Стратегиялық серіктес ел ретінде Грузияны еліміздің болашағы, қай жолмен жүретіні және халық кімді таңдайтыны қызықтырады. Бұл елден алдағы президенттік сайлауға бір топ байқаушы келеді. 

Давид Чичинадзе, Қазақстандағы президенттік сайлаудағы байқаушы:

- Қазақстан демократиялық даму жолын жалғастырып келеді. Сауаты жоғары Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасап, табысты мемлекет дәрежесіне ие болған бағытты бағалайтынына сенімдімін. Әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіру мақсаттарыңыз да негізді. Құрамында 4 адам бар грузиялық делегация Қазақстанға барады. Арасында мен де бармын. 

Петре Мамрадзе, саясаттанушы:

- Бүкіл әлемге әйгілі саяси қайраткер Нұрсұлтан Назарбаев өте маңызды шешім қабылдады. Халықтың толық сеніміне ие болып, қолында бар билік болғанына қарамастан, президент лауазымынан кетті. Алдағы сайлау Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі 30 жылда Қазақстан – елде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап, ұлтаралық пен басқа да жанжалдарға қалай жол бермеу керектігін әлемге көрсете білген бірегей ел.

Хабар 24 телеарнасы