389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысына келген шетелдік байқаушылар арасында ЕҚЫҰ өкілдері бар

  • 324
  • UPD: 17:27, 08.06.2019

Маңғыстау облысында ертең өтетін Президент сайлауын 23 шетелдік байқаушы қадағалайды.

Олардың қатарында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдері, АҚШ, Бельгия, Украина, Әзербайжан, Ресей мен Татарстанның азаматтары бар. Бүгін ТМД Миссиясынан келген 10 байқаушыға облыстық сайлау комиссиясының төрағасы арнайы куәлік табыстады. Байқаушылардың айтуынша, басым бөлігі Қазақстандағы сайлау процесіне алғаш рет қатысқалы отыр. Олар ертең Ақтаумен қатар өңірдегі барлық аудандарда болып, сайлау учаскелерін аралайды.

Надежда Борисова, Татарстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

- Саяси шараға халықаралық байқаушылардың және өзге мемлекет өкілдерінің қатысуы сайлаудың ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз етеді. Біз Татарстаннан 6 адам келдік. Қазақстанның сайлау туралы заңымен толық танысып шықтық. Бір-екі сайлау учаскелерінің дайындығын көріп үлгірдік. Барлығы тас түйін дайын, дауыс берушілерге жағдай жасалыпты. Енді ертең Президент сайлауының заң шеңберінде өтуін жіті қадағалаймыз.

Хабар 24 телеарнасы