389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті

  • 338
  • UPD: 19:15, 08.06.2019
ҚР Парламент Мәжілісі Төрағасы халықаралық байқаушылармен кездесті

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Президент сайлауын бақылауға келген халықаралық байқаушыларды қабылдады.

ТМД-ның Парламентаралық Ассамблеясы миссиясының басшысымен кездесу барысында халықаралық стандарттарға сәйкес, таза, ашық және әділ сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалғаны айтылды. Ильяс Умаханов делегация құрамына Өзбекстанның парламент өкілдері алғаш рет қосылғанын айтты. Бұдан кейін Нұрлан Нығматулин Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының парламент Ассамблеясының бұрынғы төрағаларымен, сосын Австриядан байқаушы ретінде келген делегаттармен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы