389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға ИЫҰ-дан төрт байқаушы келді

  • 284
  • UPD: 19:23, 08.06.2019
Қазақстанға ИЫҰ-дан төрт байқаушы келді

Ислам әлемінде Қазақстанның беделі жоғары. Еліміздің Ислам ынтымақтастық ұйымына 1995 жылдан бері мүшелік етуі және араға 5 жыл салып елде тұрақты уәкілдігінің ашылуы осыны айғақтайды.

Ұйым өкілдерінің Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға байқаушы ретінде атсалысулары содан. Миссия басшысы Махмұд Аль Раиси ертеңгі сайлау әділ әрі ашық өтеді деген сенімдемін дейді.

Махмуд Аль Раиси, Ислам ынтымақтастық ұйымы миссиясының басшысы:

- Бірінші кезекте бізді сайлау науқанына байқаушы ретінде шақырғаныңыз үшін алғыс айтамын. Сайлау арқылы демократиялық даму деңгейі жаңа белеске шығып, мемлекеттің өркендеуіне жетелейді деген сенімдемін. Мұсылмандар әлемінің өкілі ретінде біз тек жақсы нәтижеден үміттіміз. Біздің бақылау тек елордада жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы