389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге Австриядан байқаушылар келді

  • 217
  • UPD: 19:36, 08.06.2019

Ертеңгі сайлауға австриялық байқаушылар да қатысады. Осы елдің Ұлттық Кеңесінің бұрынғы депутаттарынан құралған топты Кристин Муттонен бастап келді.

Бүгін олар Орталық сайлау комиссиясы мүшелерімен кездесіп, ертеңгі жауапты күнге дайындық барысын талқылады.

Кристина Муттонен, австриялық байқаушы:

- Бүгін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы өкілдерімен кездесіп, ақпараттық түсіндірме жұмыс тары туралы тыңдадық. Кезектен тыс президенттік сайлау алдында келген байқаушылардың көптігін көріп таң қалғанымыз рас. Және сайлаудың әділ өтуіне бар жағдай жасалғаны көрініп тұр. Меніңше, ертеңгі күн бәріміз үшін көп үміт күттірері хақ.

Хабар 24 телеарнасы