389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанға Италия мен Болгариядан байқаушылар келді

  • 278
  • UPD: 21:46, 08.06.2019
Қазақстанға Италия мен Болгариядан байқаушылар келді

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров италиялық байқаушыларды қабылдады.

Апеннин түбегінің өкілдері кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы дайындыққа жоғары баға беріп отыр. Италия Парламентінің депутаты әрі Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының мүшесі Франческо Скома өзі бастаған бір топ делегаттың сайлау күні бюллетеньдерді санау шарасына қатысатынын айтты.

Франческо  Скома, Италия Республикасы парламентінің депутаты:

- Осы жолғы президенттік сайлау ел өмірі үшін маңызды екенін аңғарылады. Орталық сайлау комиссиясының әзірлік жұмыстарына оң баға береміз. Сайлау қорытындысы әділ болып, көпшіліктің көңілінен шығады деп үміттенеміз.

Сондай-ақ Болгариядан да 2 байқаушы елордамызға табан тіреді. Олар да ертеңгі сайлаудың барысын бақылайтын болады. 

Хамид Хамид, Болгария парламентінің депутаты:                                                                                          

- Кезектен тыс президенттік сайлауға әзірлік жұмыстары жоғары деңгейде өтуімен құттықтаймын. Ертең сайлау қорытындысы тек Қазақстан азаматтарының белсенділігіне байланысты деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы