384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Орталық сайлау комиссиясы жұмысын бастады

  • 128
  • UPD: 10:37, 09.06.2019

Тап қазір еліміздегі сайлау учаскелерінің барлығы жұмысын бастады.

Орталық сайлау комиссия да қызу іске кірісті. Олар алдағы сағаттарда ара-тұра брифинг өткізіп, қанша адамның дауыс бергенін журналистерге баяндап отырмақ.

Орталық сайлау комиссиясы 11 миллионнан аса адамның дауыс беру құқығы барын айтады. Қазақстанда және шет мемлекеттерде 10 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмыс істейді. Әрбір учаскеде саяси науқанды бақылайтын байқаушылар бар.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті атануға 7 үміткер тіркелген. Олар: Nur Otan партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев, «Ұлы дала қырандары» Республикалық қозғалысынан Сәдібек Түгел, «Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясынан» Амангелді Таспихов, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясынан Дәния Еспаева, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан Төлеутай Рақымбеков, «Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан» Жамбыл Ахметбеков және «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі ұсынған Әміржан Қосанов.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы