389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропарламент еліміздегі сайлау жемісті өтеді деп үміттенеді

  • 300
  • UPD: 09:19, 09.06.2019

Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға 7 үміткердің түсіп жатқаны азаматтық қоғамдағы пікірдің алуан түрлілігін көрсетеді.

Мұндай пікірді Брюссельде біздің телеарнамызға берген арнайы сұхбатта Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин білдірді. «Сайлауда халық лайықты тұлғаны таңдайды. Өйткені Қазақстанның әр азаматына таңдау жасауға құқық берілген», – дейді Еуропарламент депутаты.

Андрей Мамыкин, Еуропарламент депутаты:

- Еуропарламент Қазақстандағы сайлау үдерісі мемлекет конституциясында жазылғандай әрі демократиялық елдердегідей ашық, әділ өтеді деп үміттенеді. Қазақстанда мұның бәрі бар. Мен бұл додада лайықты әрі азматтар үміт артқан тұлғаның жеңіске жетеріне сенімдімін. Ал елдің жаңадан сайланған президенті Еуропалық одақпен ынтымақтастықты одан әрі жалғастырып, дамытады деп ойлаймын. Себебі, Еуроодақ пен Қазақстан стратегиялық серіктестер. Қазақстан – Орталық Азиядағы маңызды әрі басты мемлекет.

Хабар 24 телеарнасы