384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін сайлауға қатысты сауалнама жүргізуге болмайды

  • 494
  • UPD: 12:03, 09.06.2019
Бүгін сайлауға қатысты сауалнама жүргізуге болмайды

 

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров журналистерге арналған брифингте осылай деді.

Оның айтуынша, осы күнге дейін еліміздегі тек 2 ұйым ғана сауалнама жүгізуге рұқсат алған екен. Оның өзінде сұрау нәтижесі кешкі 20:00-ден кейін ғана, яғни дауыс беру аяқталған соң көпшілікке ұсынылады. Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары сайлау учаскелері ашылмай тұрып мамандар барлық сайлау учаскелерін тексеріп шыққанын айтты.  

Айта кетейік, шетелден 227 журналист Қазақстандағы президенттік сайлау жайлы мәлімет таратады. ҚР СІМ ақпараты бойынша, 21 мемлекетте 35 сайлау учаскесі ашылған.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы