379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік саясаткерлер президент сайлауына қатысты жоғары баға беруде

  • 88
  • UPD: 10:29, 09.06.2019
Ресейлік саясаткерлер президент сайлауына қатысты жоғары баға беруде

Қазақстандағы президент сайлауына қатысты ресейлік саясаткерлер де пікір білдіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар Қазақстандағы сайлау үдерісінің ұйымдастырылуына жоғары баға беруде.

Ресейлік саясаткерлер Қазақстандағы президенттік сайлауды қызу талқылап жатыр. Үміткерлер ұсынған сайлауалды бағдарламалардың кең спектрі сайлау үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуын көрсетеді. Бұл - Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Галина Карелованың пікірі.

Галина Карелова, Федерация кеңесі төрағасының орынбасары:

- Бәрі осы сайлауды жіті қадағалап, оған үлкен ден қойып отыр. Үміткерлердің көптігі Қазақстанда өтіп жатқан сайлауға қызығушылықты арттыра түсуде. Жалпы Қазақстан азаматтары кімді таңдаса да, ол халықтың бейбітшілігі мен болашағы үшін жасалған қадам.

Ал Дағыстан президенті Владимир Васильевтің айтуынша, Қазақстанда бұған дейін жасалған саяси реформалар осы сайлауды ел азаматтарының мүддесін ескере отырып, демократиялық жолмен өткізуге мүмкіндік беріп отыр.

Владимир Васильев, Дағыстан президенті:

- Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін құрған демократиялық институттар қазақстандықтардың дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік беретініне сенімдімін. Сіздердің қаржы, экономикалық шешімдер және кадрлармен жұмыс істеуде жеткен елеулі жетістіктеріңіз бар. Қазақстандық әріптестердің қабылдаған мұндай күрделі шешімдері бүгінде кейбір мәселелерде маған көмегін тигізеді. Біз Ресейде әрдайым қазақ елінің жеткен зор жетістіктеріне қызыға әрі қуана қараймыз.

Сонымен қатар, саясаткерлер ашық әрі сәтті президенттік сайлаудың Қазақстандағы демократиялық институттардың ары қарай дами түсуіне өзіндік үлес қосатынына сенім білдірді.

Авторлары: Дана Нұржан. Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы