388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Минскте 300 қазақстандық дауыс береді

  • 208
  • UPD: 15:25, 09.06.2019

Беларусь Қазақстанмен тығыз қарым-қатынасты одан әрі дамытуға үмітті.

Ресми Минск Қазақстанның жаңа басшысы тұсында да екі елдің экономикалық, мәдени және ғылыми ынтымақтастығы арта түсетініне сенімді. Ал Минскіде сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ашық болады. Мұнда 300-ге жуық қазақстандық дауыс береді. Олар – Беларусьте жұмыс істеп, оқып жатқан Қазақстан азаматтары. Елшілік олардың тізімі сайлауға дейін тексеріліп нақтыланғанын айтады.

Олег Гайдукевич, Беларусь либералдық-демократиялық партиясы төрағасының орынбасары:

- Біз Қазақстандағы сайлауды назардан тыс қалдыра алмаймыз. Себебі, Беларусь пен Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақты құрған, алғашқы мүшелері. Сондықтан Қазақстан халқына дұрыс таңдау жасауына тілектеспін. Ең бастысы, әр азамат заңға сәйкес өзінің қалауын білдіруі маңызды. Жалпы, Қазақстандағы президенттік сайлау заң шеңберінде, барлық талапқа сай өтеді деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы