378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Я.Пьехочиньский: Қазақстандағы саяси науқан өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған

  • 89
  • UPD: 15:17, 09.06.2019

Халықаралық байқаушылар пікірі қандай.

Халықаралық байқаушы, Польша Республикасы премьер-министрінің бұрынғы орынбасары Януш Пьехочиньский Қазақстанда өтіп жатқан президенттік сайлауға қатысты пікір білдірді. Ол сайлау учаскелерінің жұмысы жақсы ұйымдастырылғандығын айтты. «Яғни азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған», – дейді. Қазақстан халқының жаңа Президентін әділ таңдайтынына сенім білдірді. 

Януш Пьехочиньский, Польша Республикасы премьер-министрінің бұрынғы орынбасары:

- Қазақстандағы саяси науқан өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Сайлауға келген жұрт көңілді. Өз таңдауын кедергісіз жасап жатыр. Жастар да сайлауға белсенді келіп жатыр. Бұл сайлаудың жалпы маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы