389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Х.Четин: Қазақстан демократиясы жаңа кезеңге аяқ басты

  • 313
  • UPD: 15:26, 09.06.2019

9 маусым Қазақстан тарихында мәңгілік алтын әріптермен сақталатыны сөзсіз.

Себебі ел демократиясы жаңа кезеңге аяқ басып отыр. Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі Хикмет Четин осылай деп есептейді. Саясаткердің айтуынша, тәуелсіздік жылдарында екі бауырлас елдің қарым-қатынасы жоғары деңгейге жеткен. «Жаңа президенттік сайлаудан соң ресми Анкара мен Нұр-Сұлтан арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығайып, жаңа деңгейге көтеріледі», – дейді сарапшы.

Хикмет Четин, ТР бұрынғы сыртқы істер министрі /1991-1994/:

- Мен 1991 жылдың басынан бері Қазақстанмен тығыз байланыстамын. Қысқа уақыттың ішінде Астана, қазіргі Нұр-Сұлтан Азиядағы бірден-бір бейбітшілік орталығына айналды. Еуропа қауіпсіздік ынтымақтастық ұйымы, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі секілді бірқатар халықаралық қоғамдастықтардың кезеңдік төрағалығын атқарды. Бүгін болса бауырлас ел маңызды кезеңге қадам басып отыр. Бұл жауапкершілікті қазақ халқы жоғары деңгейде алып өтетініне сенімдімін. Түрік азаматы ретінде үміткерлерге сәттілік тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы