ШЫҰ мемлекеттік хатшысы: Сайлауға дайындық кезінде заң бұзушылық болған жоқ
Шанхай ынтымақтастық ұйымының мемлекеттік хатшысы Владимир Норов сайлауға дайындық кезінде заң бұзушылық байқалмағанын айтады.
Аталған ұйымның 48-байқаушылар комиссиясы елімізде маусымның 2-сі күні өз жұмысын бастады. Оның құрамында 25 адам бар. Олар 7 қала мен 6 аудандағы жағдайды жіті бақылап отырады.
Владимир Норов, ШЫҰ мемлекеттік хатшысы:
- Байқаушылар учаскелердегі сайлау комиссиясының басшыларымен кездесті. Сайлауға дайындық жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілгенін айтты. Барлығы ұлттық заңнама мен халықаралық нормаларға сай ұйымдастырылды.