389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ив Поццо Ди Борго: Қазақстан – Орталық Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған мемлекет

  • 279
  • UPD: 15:30, 09.06.2019

Қазақстан Президентін сайлау үдерісі еуропалық саясаткерлердің де назарынан тыс қалмады.

«Себебі бүгін таңдалатын еліміздің болашағы Орталық Азия өңірінің қауіпсіздігі үшін маңызды рөл атқарады», – дейді мамандар.

Мишель Вуазен француз парламенті ғимаратының алдында жаңа ғана әріптестерімен Қазақстандағы сайлау туралы әңгіме өрбіткенін айтады. Саясаткер Францияның Қазақстан бойынша маманы болып саналады. Себебі, көптеген жылдар бойы елдер арасындағы парламентаралық достық тобын басқарды. Вуазеннің айтуынша, Қазақстандағы Президент сайлауы ашық әрі қалыпты жағдайда өтуі тиіс.

Мишель Вуазен, Франция парламентінің құрметті мүшесі:

- Мен көптеген сайлауларға куә болдым. Оның ішінде есімде қалып ұнағаны және көңілімнен шықпаған дауыс берулерді айтайын. АҚШ тағы Флорида штатында Американың конгресінен аккредиттеуден өткеніме қарамастан, сайлау учаскесіне кіргізбей қойған кездер болды. Ал Қазақстанда барлық жерге емін-еркін кіріп жүрдім. Тіпті казарма мен түрмелерде де болдым.

Қазақстанның жаңа президентін сайлауға еуропалық саясаткер жіті назар аударып отыр. Мұндағы халықаралық байқаушылардың басым бөлігі Еуропа және Азия елдерінің өкілдері. Одан бөлек шетелдік журналистердің рекордтық саны тіркелген.

Ив Поццо Ди Борго, Францияның экс-сенаторы, Париж кеңесінің мүшесі:

- Орталық Азиядағы елдердің басым бөлігі жас мемлекеттер. Олардың арасында жасына қарамай, қарқынды дамып жатқандары да бар. Қазақстан – сол өңірдегі көшбасшы, экономикасы мықты ел. Сондай-ақ өңірдегі қауіпсіздіктің басты элементі саналады. Сіздер Орталық Азияда тұрақтылықты қамтамасыз етіп отырған мемлекетсіздер.

Президент сайлауы әрбір ел үшін тарихи оқиға. Ал 9 маусым тек бір мемлекеттің ғана емес, тұтас бір өңірдің тағдырын шешеді. Осылай деген француздық сарапшылар бұл сайлауда дауыс беру Қазақстандағы демократиялық үдеріс эволюциясын тағы бір мәрте дәлелдейді деген пікірде.

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы