389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Никас Сафронов еліміздегі сайлау барысына оң бағасын берді

  • 146
  • UPD: 15:54, 09.06.2019
Никас Сафронов еліміздегі сайлау барысына оң бағасын берді

Байқаушылар азаматтық құқығын білдіру үшін дауыс беруге келген сайлаушылардың қарасы көп екенін айтып жатыр.

Мәселен, белгілі ресейлік суретші Никас Сафронов сайлау барысына оң бағасын берді. Оның айтуынша, ел тұрғындарының науқанға үлкен маңыздылық беріп, мемлекет тағдырына бейжай қарамайтыны аңғарылады.

Никас Сафронов, суретші, байқаушы /РФ/:

- Әрбір азаматтың өз үміткерін таңдауына құқы бар. Мен бірнеше сайлау бөлімшелерінде болып, ешқандай құқық бұзушылықты көрмедім. Бәрі заңды түрде өтіп жатыр. Қызығы сол көпшілік үшін бұл бір мейрам іспетті.

Хабар 24 телеарнасы