389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Драгомир Карич: Сайлау учаскелерінің жұмысы жақсы ұйымдастырылған

  • 173
  • UPD: 18:04, 09.06.2019

Елордада халықаралық байқаушылардың сайлау жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Саяси науқанның әділ өтуіне үлес қосып отырған миссия өкілдері сайлаудың қалай өтіп жатқанын айтып, пікір білдірді.

Драгомир Карич, Сербия Республикасы парламентінің депутаты:

- Бүгін Қазақстан халқы жаңа Президентін таңдап жатыр. Бұл өте маңызды күн. Осы тарихи күнмен шын жүректен Қазақстанның барлық азаматтарын құттықтаймын. Байқаушы ретінде сайлау учаскесінің жұмысы жақсы ұйымдастырылғандығын байқадым. Яғни азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасалған.

Авторы: Айнұр Қуатқызы

Хабар 24 телеарнасы