384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушы сайлау процесіне қатысты пікір білдірді

  • 98
  • UPD: 18:42, 09.06.2019

Елордада халықаралық байқаушылардың сайлау жұмысына қатысты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтіп жатыр.

Саяси науқанның әділ өтуіне үлес қосып отырған миссия өкілдері сайлаудың қалай өтіп жатқанын айтып, пікір білдіруде.

Валерий Стерио, халықаралық байқаушы, Румыния парламентінің депутаты:

– Нұр-Сұлтан қаласындағы төрт бірдей сайлау учаскесін араладық. Біз сайлаудың демократиялық және транспарентті жүйесін көріп отырмыз. Өзінің дауыс беру демократиялық құқығын пайдалану үшін тұрғындар ауа райының жайсыздығына қарамастан, таңертеңнен бері сайлау учаскелеріне ағылды. Тіпті балаларымен бірге келіп жүрген жандарды көрдім. Басқа да халықаралық байқаушылармен кеңесе келе сайлаудың сәтті өтіп жатқанын айтқым келеді.

Хабар 24 телеарнасы