387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшалық байқаушы: Сайлау ашық әрі әділ өтуде

  • 338
  • UPD: 20:44, 09.06.2019

Қазақстандағы президент сайлауы әділ әрі ашық өтіп жатыр, дейді Польшадан келген халықаралық байқаушы Виолета Поровска.

Ол Алматыдағы 4 сайлау учаскесінде болды. Сайлауға жан-жақты дайындық жүргізілгені көрініп тұр. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға дауыс беру үшін барлық мүмкіндік қарастырылған, дейді шетелдік байқаушы. Виолета Поровска сондай-ақ тәуелсіз байқаушылардың да көп екенін айтты. Және жергілікті халықтың өз таңдауын жасау үшін белсенділік танытқанын да тілге тиек етті.

Виолета Поровска, Польшадан келген байқаушы:

– Мен өмірімде бірінше рет президент сайлауында тәуелсіз байқаушы болып келіп отырмын. Бүгін 3 ашық және 1 жабық сайлау учаскесінде болдым. Сайлау әділ өтіп жатыр. Сайлау учаскелерінің бірінде 47 байқаушы қатыстық. Олардың ішінде жергілікті адамдардан бөлек, шет елдік әріптестермен де танысудың сәті түсті. Ешқандай заң бұзушылықты көрген жоқпыз. Бәрі өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы