389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелдік саясаттанушылар: Сайлау Қазақстан тарихына жаңа сипат бермек

  • 251
  • UPD: 20:55, 09.06.2019

Биылғы президенттік сайлау қазіргі Қазақстан тарихына жаңа сипат бермек.

Шетелдік саясаттанушылар осылай дейді.

Ресей Қазақстандағы билік транзитін жіті қадағалап, саяси үдеріске баса ден қойып отыр. Бұл саяси науқанның көрші ел үшін де маңызы зор.

Федор Лукьянов, «Ресей ғаламдық саясатта» журналының бас редакторы:

– Қазақстан – Ресеймен ежелден тығыз әрі достық қарым-қатынаста дамып келе жатқан тұрақты әріптес. Сондықтан бұл мемлекетте қандай өзгерістер болмасын екеуара байланысқа айтарлықтай әсер ететіні айтпаса да түсінікті.

Ресей сарапшылары ең алдымен сайлау науқанының алуантүрлілігін атап отыр. Сондай-ақ 7 кандидаттың сайлауалды бағдарламаларының жан-жақтылығын айтады.

Фархад Ибрагимов, Е.Примаков атындағы ХЭЖХҚИ посткеңестік зерттеулер орталығының сарапшысы:

– Қазақстан – көп елдерге үлгі. Оның ішінде бұрынғы Кеңес одағы аумағын да айтуға болады. Қазақстанда әр кандидат өз пікірін ашық білдіре алады. Ал халық ол демократияға сай ма, жоқ па өзі таңдайды.

Ресейліктер президенттік сайлау барысын осы елдің орталық сайлау комиссиясының, ТМД елдерінің Парламентаралық ассамблеясының және Ұжымдық келісім-шарт ұйымының құрамында бақылайтын болады.

Авторлары: Дана Нуржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы