383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі президент сайлауын халықаралық сарапшылар қауымдастығы назарда ұстап отыр

  • 76
  • UPD: 20:57, 09.06.2019

Қазақстан президенті сайлауын халықаралық сарапшылар қауымдастығы да жіті назарында ұстап отыр.

Әсіресе іргелес елдердің саясаттанушылары ерекше қызуғышылық танытуда. Олардың барлығы көрші елде тұрақтылық болғанын қалайды. 

Әзербайжан сарапшыларының пікірінше, еліміздегі сайлаудың маңызы зор. Өйткені тұрақты Қазақстан - бүкіл аймақтың дамуына әсер ететін фактор. Сондай-ақ, бүгінде еліміздің ықпалы аймағымыздан асып, бүкіл әлемде өз орнын айшықтай алды. 

Эльхан Алескеров, «Bakunetworks» сарапшылық кеңесінің директоры:

- Сайлау тұрақты әрі ашық жолмен өтетіні анық. Шетелден шақырылған көптеген байқаушылар бұған айғақ бола алады. Соңғы кезде Қазақстанда жүріп жатқан реформалар, бұл қарқынды дамуға бет бұрған ел екенін көрсетіп тұр. Ол экономикалық жүйемен  қатар, саяси құрылымда да байқалады. Ал сайлау осы бағыттағы кезекті қадам болмақ.

Сарапшылар пікірінше, түрлі елдер мен халықаралық ұйымдардан келген  байқаушылардың қатысуы сайлаудың ашық түрде өтетінін айшықтайды. 

Яхъя Алиев, профессор:

- Бұл сайлау демократиялық қоғамды дамытудағы, бүкіл қауым мен Қазақстан Ассамблеясындағы бар халықтарды біріктіретін маңызды күн болатынына күмәнім жоқ. Қазақстандықтар тұрақтылық және өздерінің демократиялық құқықтары үшін дауыс береді деп ойлаймын.

Сайлауға дайындық барысына өз бағасын берген байқаушылар үміткерлер өзекті мәселелерді шешудің түрлі жолдарын ұсынғанын атап отыр. Бұл елдің саяси және экономикалық жүйесі одан әрі ілгерлей беретіндігін аңғартпақ.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы