383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулдегі сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады

  • 116
  • UPD: 22:02, 09.06.2019

Сеулде орналасқан сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.

Онда дауыс беруге тіркелгендердің 93,4 пайызы өз таңдауын жасап үлгерген. Оның ішінде сол елде тұрып жатқан, оқып, жұмыс істеп және ем алып жатқан отандастарымыз бар.

Сеулдегі сайлау комиссиясының мүшесі жылжымалы дауыс беру жәшігін оңтүстіккореялық емханалардың біріне әкелді. Мұнда 62 жастағы семейлік Бақтыгүл Нұғыбаева ем алып жатыр. Ол өзі елшілікке хабарласып, жағдайын түсіндіріп, дауыс беруге ниетті екенін жеткізген. 

Бақтыгүл Нұғыбаева, зейнеткер:

– Кореяда ем алып жатқаныма қарамастан, мен Қазақстанның азаматшасымын. Сол себепті елімнің болашағы үшін дауыс беріп отырмын. Еліміз тек өркендей берсін дегім келеді.

60 жастан асқан және жақында ғана кәмелеттік жасқа толып, дауыс беруге келген азаматтарға Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшісі Бақыт Дүйсенбаев өз қолымен сыйлықтар табыстады. Одан бөлек, сайлау учаскесіне келгендер қазақстандық тәттілерден дәм татып, отандық картиналардың көшірмесін сыйға алды. Бұл ретте сайлауға барған Мариям Кимде сыйлықтан құр қалмады. Кореяда он жылдан бері тұрып жатқан 72 жасар әжей қазақстандық азаматтықтан бас тартқысы келмейтіндігін ашық айтты.

Мариям Ким, зейнеткер:

– Себебі бұл менің елім. Менің балаларым Қазақстанда дүниеге келді. Сонда тұрмысқа шықтым. Өмірімнің қызықты шақтары осы қазақ елінде өтті. Ешкімді бөліп-жармады, ренжітпеді. Сондай тамаша көпұлтты ел. Сол себепті бізге өте жайлы мемлекет болды.

Сеулдегі учаскеге дауыс беруге келгендердің саны 95 проценттен асты. Себебі сайлаушы ретінде тіркелген азаматтардың барлығы дерлік өз таңдауын жасап үлгерді.

Авторлары: Жансұлу Дүйсенәлі, Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы