378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапониядағы учаскелерде сайлаушылар дауысын санау басталды

  • 130
  • UPD: 22:01, 09.06.2019

Жапониядағы учаскелік сайлау комиссиясы дауысты санауға кірісіп кетті.

Онда екі сағат бұрын учаскелер жабылған болатын. Токиодағы тілшіміздің хабарлауынша, қазақстандықтардың белсенділігі жоғары. Жергілікті уақытпен 20:00 шамасында өз таңдауын жасағандардың саны 100 процентті құраған. Жалпы Жапонияда дауыс беруге құқылы барлығы 96 азамат тіркелді. Учаскелер жабылған соң тәуелсіз байқаушылардың қатысуымен сайлау комиссиясының мүшелері жәшіктерді ашты. Енді бюллетендерді санау аяқталған соң, арнайы хаттама толтырылады. Барлық құжаттар мен қосымша материалдар арнайы курьер арқылы Нұр-Сұлтандағы орталық сайлау комиссиясына жеткізіледі.  

Сәуле Жолдаяқова, тәуелсіз бақылаушы:

- Сайлау барысында ешқандай заңбузушылық, келеңсіз жағдайлар байқаған жоқпыз. Сайлау учаскесінде барлығы жинақы, сыпайы жүріп жатыр. Әрбір азамат өзінің мемлекет алдындағы жауапкершілігін түсіну керек деп ойлаймын және соған ұмтылуға тырысу қажет. Сонда ғана біз өз елімізді көркейтіп дамыта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы