388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде өткен президенттік сайлауды мыңнан аса шетелдік байқаушы бақылады

  • 353
  • UPD: 21:59, 09.06.2019

Еліміздегі кезектен тыс президенттік сайлаудың өту барысын мыңнан аса шетелдік байқаушы қадағалады, - деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Олар Қазақстандағы сайлау учаскелерінен бөлек, өзге мемлекеттердегі дауыс беру орындарын да жіті бақылауға алған.

Хамид Хамид, халықаралық байқаушы:

- Сайлауды өткізу мен оны ұйымдастыруға жұмылдырылған адамдарға алғыс айтқым келеді. Өйткені бұл науқанға олар жіті дайындалған. Осыған дейін, Еуропада, Азия елдерінде, тіпті Америка Құрама Штаттарында болған саяси додаларға куә болғанмын. Сондықтан Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау мүлтіксіз өтіп жатыр деп сеніммен айта аламын.

Кахабер Окриашвили,  Грузия парламентінің мүшесі:

- Сайлау процесін мұқият бақылаймыз. Өз басым бұл елдегі науқанның әділ өтіп жатқанына куә болдым. Адамдар да таң атпай келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Тұрғындар белсенділік танытуда.

Саяси доданың мүлтіксіз өтіп жатқанына Сербиядан, Мажарстаннан және Ресейден келген байқаушылар да куә болған. Олардың жартысынан көбі ТМД елдерінен келген. Ұзын-ырғасы 432 адам.

Сергей Лебедев, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

- Таңертең дауыс беруге аз адам келген еді. Бірақ түске таяу олардың саны бірден көбейді. Дені жастар екенін байқадым. Бұл қуантарлық жайт екені анық. Өйткені олар елдің тағдырына алаңдайды. Сондықтан белсенді түрде өз үміткерлерін таңдап жатыр.

Халықаралық байқаушылар дауыс беру процесі аяқталғанша жұмыс істейді. Егер қандай да бір талаптың бұзылғанын анықтаса, дереу Орталық сайлау комиссияға хабар береді.

Авторы: Дастан Сейілханұлы

Хабар 24 телеарнасы