384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүмкіндігі шектеулі жандардың таңдау жасауына барынша мүмкіндік берілген - ТМД байқаушылары

  • 313
  • UPD: 22:13, 09.06.2019

«Елімізде өтіп жатқан президент сайлауында заң бұзушылық байқалмады. Бөлімшелердегі дауыс беру процесі жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Бәрі қалыпты жағдайда өтіп жатыр». Бұл туралы ТМД елдерінен келген байқаушылар тобының өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Олардың айтуынша, өз таңдауын жасауға келген барлық азаматқа қолайлы жағдай жасалған. Тіпті сайлау бөлімшелерінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы орындықтар қойылып, үміткерлердің бағдарламасымен танысып шығуға жағдай жасалған.

Станислав Ткаченко, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы сарапшылар тобының басшысы:

- Менің ойымша, посткеңестік кеңістікте мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау бойынша Қазақстан  көш бастап тұр. Олардың сайлау бөлімшелеріне келіп дауыс беруі үшін барлық жағдай жасалған. Әсіресе зағип және керең жандардың таңдау жасауына барынша мүмкіндік берілген. ТМД елдерінен келген байқаушылар осы тәжірибені назарға алып, өз елдеріміздің сайлау науқанына енгізу жағдайын қарастырып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы