378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияның үш қаласында сайлау учаскесі жасақталған

  • 147
  • UPD: 23:01, 09.06.2019

Түркияның үш қаласында сайлау учаскесі жасақталған. Олар Анкара, Ыстамбұл және Анталияда.

Онда дауыс берген жерлестеріміздің дені білім алып жүрген студенттер, елшілік қызметкерлері, сосын іскер топ өкілдері мен Анадолы еліне демалуға барған қазақстандықтар. Естеріңізге салайық, еліміздің заңына сәйкес сайлау учаскелері жергілікті уақытпен кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Бірақ тізімдегі сайлаушылардың барлығы дауыс берсе, сайлау учаскелері өз жұмысын ерте аяқтай алады.

Бақытжамал Абай, сайлаушы:

 - Бүгін мен үшін ерекше күн. Себебі биыл кәмелет жасқа толуыммен қатар еліміздің тарихи шешім қабылдауы да қатар келіп отыр. Қазақстан азаматы ретінде, елшілігіміздегі №286 сайлау учаскесінде өз конституциялық құқығыма сай ел келешегі үшін менің де ойымның ескерілуі мен үшін үлкен мәртебе.

Хабар 24 телеарнасы