389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суоми елінен келген байқаушылар учаскелерді аралады

  • 166
  • UPD: 23:57, 09.06.2019

Қазақстандағы Президент сайлауын бақылауға Балтық елдерінен де байқаушылар келген.

Литва Республикасының парламент мүшелерінен құралған топ бүгін бірнеше сайлау учаскесін аралап, саяси науқан барысымен танысты. Олар Назарбаев университетіндегі учаскеде болып, дауыс беруге келген студент жастармен тілдесті. Балтық елдерінен келген байқаушылар арасында Финляндия Парламентінің бұрынғы депутаты Илкка Таипале де бар. Суоми елінің әлеуметтік қорғау министрінің кеңесшісі Қазақстандағы Президент сайлауына екінші мәрте байқаушы болып келіп отыр.

Илкка Таипале, Финляндия парламентінің бұрынғы депутаты:

-  Мен төрт жыл бұрын Қазақстандағы Президент сайлауын бақыладым. Бүгін бес учаскені аралап шықтым. Жалпы сайлау процесі жақсы жүріп жатыр. Дауыс беріп жатқан адамдар көп. Олардың арасында жастардың қарасы қалың. Отбасымен келіп жатқандар да бар. Қазақстан төрт жылда үлкен өзгерістерге жеткенін байқадым. Екі күн бойы сайлау процесін бақыладым. Ешқандай келеңсіз жағдайлар байқалған жоқ.

Юлиус Сабатаускас, Литва парламентінің мүшесі:

- Біз бірнеше сайлау учаскесін аралап шықтық, қандай да бір заң бұзушылықты байқамадық. Сайлау барысы бірқалыпты жүріп жатыр. Біз комиссия мүшелерімен және өзге байқаушылармен сөйлесіп жатырмыз. Жас сайлаушылармен де әңгімелестік. Кейбір учаскелерде сайлаушылардың белсенділігі байқалады.

Хабар 24 телеарнасы