378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан саясаттанушылары: Қазақстанның саяси тұрақтылығы әрқашан маңызды

  • 137
  • UPD: 01:56, 10.06.2019

Биліктің ың-шыңсыз ауысуы – мемлекет тұрақтылығының кепілі.

Біздегі саялау барысын жіті бақылап отырған Қырғызстан саясаткерлері осылай дейді. Көрші елдің атқамінерлері саяси процестердің бейбіт өтуі қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. 

Қазақстан – Орталық Азия аймағының көшбасшысы. Алайда бұл дәреже үлкен жауапкершілік артып отыр, дейді Қырғызстан Жогорку Кенеш депутаттары. Аймақтағы бүкіл үрдістерге ықпалы зор мемлекет болғандықтан, Қазақстанның саяси тұрақтылығы әрқашан маңызды.

Аида Касымалиева, Қырғызстан жогорку кенешінің вице-спикері:

– Орталық Азияда талай сын-тегеуірін бар. Бұл лаңкестік пен ұлт араздық өршу қаупі, су тапшылығы, жер даулары, аймақта халықтың тығыз қоныстануы және геосаяси мәселелер. Осының бәрін ескеру қажет. Қазақстанда кез келген мәселе бейбіт жолмен шешіледі.

Биліктің бейбіт ауысу маңыздылығын Қырғызстан да жақсы біледі. Елде енді орнаған тұрақтылықтан кейін ғана экономикалық ілгерлеу байқалып келеді. Еуразиялық экономикалық одаққа кіргеннен кейін бұл үрдіс жаңа сипатқа ие болды.

Наталья Никитенко, Қырғызстан жогорку кенешінің депутаты:

– Қазақстанмен ортақ шекарамыз бар, тікелей экономикалық байланыс орнаған. Еуразиялық экономикалық одаққа мүшеміз. Әрине біз сайлаудың ашық өтуіне мүдделіміз. Қазақстан халқының таңдауына күмәніміз жоқ.

Қырғызстан депутаттарының пікірінше, ел дамуының белгіленген бағытын бұлжытпай ұстануы – Қазақстан саясатының айрықша белгісі. Тап осы анықтылығы жаңа президент басқарғаннан кейін де ел көздеген мақсаттарына жететініне сенім беріп тұр дейді олар.

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы