389,60 428,03 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Төлеутай Рақымбеков Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады

  • 380
  • UPD: 02:28, 10.06.2019

Төлеутай Рақымбековтың сайлауалды штабы да саяси науқаннның барысын күні бойы жіті бақылап отырды.

Оның аймақтардағы 7 мыңнан аса сенімді өкілі дауыс беру учаскелерін аралап, әр сағат сайын саяси науқанға қатысты ақпаратпен бөлісті. Жалпы «Ауыл» партиясы үшін бұл жолғы сайлау бірқалыпты жағдайда өткен. Ешқандай өрескел құқық бұзушылықтар байқалмады. Барлығы заң шеңберінде болды, - дейді штабтағылар. Ал осы партияның атынан сайлауға қатысқан Төлеутай Рақымбековтың өзі саяси дода нәижесіне қатысты мынадай пікір білдірді.  

Төлеутай Рақымбеков, «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» АҚ Басқарма төрағасы:

- Мен Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы «Ауыл» ХДПП ұсынған Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты нақты жеңісімен құттықтаймын. Бұл нәтиже Қазақстан халқының өз басшылығына деген сенімінің дәлелі. Мен Мемлекет басшысына осындай өте жауапты қыметіне табыс тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы