383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшы: Қазақстандағы сайлау процесі бүкіл әлемге үлгі

  • 128
  • UPD: 09:46, 10.06.2019

Қазақстандағы сайлау нәтижесі маңызды саяси оқиға. Бұл армениялық саясаттанушының пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арама Сафарянның айтуынша, Қазақстандағы сайлау процесі бүкіл әлемге үлгі бола білді. Себебі ол сайлау науқанының жоғары демократиялық стандарттарын көрсетті. Сонымен қатар саясаттанушы әр елдегі сарапшылар қауымдастығы дайындаған материалдарды саралай отырып, еліміздегі сайлау жоғары деңгейде өткізілгенін тілге тиек етті.

Арам Сафарян, «Интеграция және даму» ҚБ төрағасы, еуразиялық сарапшылар клубының үйлестірушісі:

- Сайлауалды науқанның оң бағалануы және де оның халықаралық стандарттар мен талаптарға сай болғаны бәрімізді  қуантты. Менің ойымша, елдеріңіз өзінің жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бұл сайлау Қазақстан абыройын халықаралық аренада одан әрі нығайта түсетіндігіне күмәнім жоқ.

Хабар 24 телеарнасы