384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ өкілдері: Қазақстанның сайлауға өте мұқият дайындалғаны көрініп тұр

  • 66
  • UPD: 08:50, 10.06.2019
ШЫҰ өкілдері: Қазақстанның сайлауға өте мұқият дайындалғаны көрініп тұр

Қарағанды өңірі де саяси науқанды абыроймен өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сайлау барысын бақылаған халықаралық байқаушылар ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде өткенін атап өтті. Шанхай ынтымақтастық ұйымы өкілдерінің айтуынша, сайлау барысында заңбұзушылақтар мен өрескел қателіктер орын алған алған жоқ.

Кришна Кенгаппа, ШЫҰ байқаушылар миссиясының мүшесі:

- Орталық және жергілікті сайлау комиссиялары бізге барынша көмек көрсетті. Сайлауға және оны өткізу тәртібіне қатысты барлық қажетті ақпаратты ұсынды. Біздің байқаушылар Қазақстанның 8 қаласында, барлық өңірлерде жұмыс істеді. Және олардан келген есептерге сүйене отырып  саяси науқан жоғары деңгейде өткенін айта аламын. Қазақстанның сайлауға өте мұқият дайындалғаны көрініп тұр.

Олег Сосковец, халықаралық байқаушы:

- Дайындықтың қызу өткеніне де куәгер болдық. Жалпы халықты ақпараттандыру жұмыстары да жоғары деңгейде жүргізілді. Сайлаудың нәтижелі болатынына сенімдіміз.

Хабар 24 телеарнасы