384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


О.Сосковец: Қасым-Жомарт Тоқаев – әлемдік деңгейдегі саясаткер

  • 440
  • UPD: 17:22, 10.06.2019

Қазақстан сабақтастыққа дауыс берді. Кеңестік, қазақстандық және ресейлік мемлекет қайраткері, Ресейдің бұрынғы вице-министрі, тауар өндірушілер қауымдастығының президенті Олег Сосковец осылай дейді.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев - халықаралық тәжірибесі бар беделді саясаткер. Қазақстан Президенті ретінде мемлекетті әлемдік аренада таныстыратын абыройлы тұлға.

Олег Сосковец, Ресейлік тауар өндірушілер қауымдастығының  президенті:

- Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті болып таңдалған азамат – ішкі және сыртқы мәселелерді шеше алатын, халықаралық қатынастарда модератор бола алатын, әлемдік деңгейдегі тәжірибиелі саясаткер. Ол Сыртқы істер министрі, Премьер-министр, Сенат жетекші лауазымдарында мемлекет экономикасын дамыту жолында айтарлықтай үлес қосты. Женевада БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін де тәжірибелі тұрғыда абыроймен атқарған азамат.

Хабар 24 телеарнасы