378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы сайлау қашан да бейбіт әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылады – ЕО өкілі

  • 85
  • UPD: 11:06, 10.06.2019

Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы байланысы бекемдей түспек.

Еуроодақтың Орталық Азиямен ынтымақтастық бойынша делегация басшысы, еуропалық депутат Ивета Григуле осылай деп өз ойын білдірді. Қазақстан халқы- Президентті сайлағаннан кейін де Кәрі Құрлық біздің елмен байланысын нығайтуға ниетті. Ел үшін маңызы зор осы сәтте  халықтың бір кісідей сайлауға қатысуы халықаралық ынтымақтастықтың бағыт-бағдарын айқындай түседі, дейді депутат.  

Ивета Григуле, ЕО-ның Орталық Азиямен ынтымақтастық бойынша делегация басшысы:

- Қазақстандағы сайлау қашан да бейбіт әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылады. Қазақстан халқы өз таңдауын жасады. Еуропалық одақ онымен жұмыс істеуге әзір. Бұған дейін осылай болған, алдағы уақытта да алған бағытымыздан таймаймыз. Болашақта іске асырылатын ортақ жоба өте көп. Сондай-ақ кей мәселеге болмасын мүддеміз ортақ, бағытымыз бір. Сол себепті, қарым-қатынасымызда өзгеріс болмайтыны анық.

Хабар 24 телеарнасы