389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушы: Сайлау әділ өтті

  • 402
  • UPD: 13:54, 10.06.2019
Халықаралық байқаушы: Сайлау әділ өтті

Шымкентте Президент сайлауы науқанының өтуін халықаралық 26 байқаушы назарына алған, деп хабарлайды «Хабар 24»

Олардың 16-сы Тәуелсіз мемлекеттер достастығынан, алтауы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымынан келгендер. Cонымен қоса Шанхай ынтымақтастық ұйымынан 1, Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясынан 2 байқаушы қатысты. Ал шетелдік байқаушы Владимир Сокор – АҚШ-тан арнайы келген жалғыз өкіл. Ол елімізде өткен сайлауға алғаш рет қатысып отырғандығын айтады. Шымкентке де бірінші рет ат басын бұрыпты. Оның айтуынша, Қазақстандағы сайлау учаскелерінің ұйымдастырылуы жоғары деңгейде болды. Владимир Сокор бірнеше учаскелерді көзбен көріп, саяси науқан барысын жоғары бағалады.

Владимир Сокор, байқаушы (АҚШ):

Сайлауды өткізу мен учаскелерді ұйымдастыру жағына жоғары баға беремін. Халық саналы екен. Қайда, қалай барып дауыс беру керектігін жақсы біледі. Сайлаушылар тарапынан арыз-шағымды байқамадым. Ал мен барған сайлау учаскелерінде ешқандай да өрескел заң бұзушылық орын алған жоқ.

 

Хабар 24 телеарнасы