389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ТМД байқаушылары: ҚР Президентін сайлау ел Конституциясына сай өтті

  • 345
  • UPD: 16:53, 10.06.2019

«Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы демократиялық талаптарға сай, ашық әрі әділ өтті.

Барлық кандидаттарға тең жағдай жасалып, саяси додада бәсекелестік болды».

Мұндай пікірді сегіз елдің өкілдерінен құралған ТМД Парламентаралық ассамблеясы айтты. Байқаушылар миссиясының төрағасы Сергей Лебедев сайлаушылардың белсенділігін атап өтіп, 9 миллионнан аса азаматтың сайлауға қатысқанын жоғары бағалады. Құрамына ТМД елдерінің Парламент депутаттары мен орталық сайлау комиссиясының төрағалары және дипломаттар кірген байқаушылар тобы Қазақстанның барлық аймағын аралап шықты. 432 адамнан құралған байқаушылар тобы 3812 сайлау учаскесінде болып, президент сайлауына қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Сергей Лебедев, ТМД байқаушылар миссиясының басшысы:

- ТМД байқаушылары бұл сайлаудың жоғары деңгейде, ашық ұйымдастырылғанын хабарлайды. Қазақстан Республикасы президентін сайлау ел Конституциясына сай өтті. Демократиялық талаптар сақталды. Бұл саяси дода ашық әрі әділ болды. Барлық үміткерлерге тең мүмкіндік берілді. Орталық сайлау комиссиясы барлық деңгейдегі учаскелерде азаматтардың дауыс беруіне жақсы жағдай жасады. Біз 3812 сайлау учаскесін аралап шыққаннан кейін осындай баға беріп отырмыз. Сондықтан сайлау барысын ауқымды түрде қамтыдық деп айта аламыз.

Хабар 24 телеарнасы