384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

  • 94
  • UPD: 15:23, 10.06.2019
Мемлекет басшысы Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Алексей Бородавкин Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік бергені үшін ризашылық білдіріп, президент сайлауындағы жеңісіне байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің құттықтауын жеткізді.

«Мен Сізді дауыс берушілер белсенді қатысқан сайлаудағы айқын жеңісіңізбен құттықтаймын. Бұл – таза жеңіс әрі халықтың Сізді Қазақстан Президенті ретінде таңдауының айқын дәлелі», – деді Ресей елшісі.

Сонымен қатар, Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарын одан әрі тереңдету және екі елдің халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастығына қатысты мәселелер талқыланды.

Хабар 24 телеарнасы