389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушы: Саяси науқан жоғары деңгейде ұйымдастырылған

  • 265
  • UPD: 16:54, 10.06.2019

Халықаралық байқаушылар Қазақстанда өткен сайлауға оң бағаларын беріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар саяси науқанның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Израильдік саясаткер Софа Ландвердің айтуынша, барлық сайлау учаскелерінде азаматтардың барлығына бірдей жағдай жасалды. Дауыс беру құқығын мүмкіндігі шектеулі жандар да өзгелермен тең пайдаланды. Байқаушылар халықтың осылай белсенді түрде дауыс бергенін өз елінің болашағына бей-жай қарамағаны деп санайды.

Софа Ландвер, халықаралық байқаушы (Израиль):

- Кеше күні бойы көптеген учаскеде болдық. Мен өз тарапымнан ұйымдастыру жағының өз деңгейінде болғанын атап өткім келеді. Он екі мүшесі сау адам үшін кейбір нәрсе ұсақ-түйек болып көрінуі мүмкін. Ал есту, көру қабілетінен айырылған, яғни мүмкіндігі шектеулі жандарға ол өте қажет. Сайлау кезінде олар учаскелерге еш қиындықсыз кіріп, өз таңдауларын жасай алды.

 

Хабар 24 телеарнасы