378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушы: Сайлау барысы заң аясында жүргізілді

  • 133
  • UPD: 17:48, 10.06.2019

Хорватияның бұрынғы президенті Степан Месич президент сайлауына қатысты пікір білдірді.

Ол елімізге халықаралық байқаушы ретінде келген болатын. Оның айтуынша, сайлау барысында қандай да бір ірі заң бұзушылықтар орын алмаған. Саясаткер Қазақстанның өсіп-өркендеуіне тілектес екендігін айтып, жылы лебізін жеткізді.

Степан Месич, халықаралық байқаушы /Хорватия/:

- Мен бес сайлау учаскесінде болдым. Барлығында да сайлау барысы заң аясында жүргізілді. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Отбасыларымен, туған-туыстарымен бірге келіп дауыс беріп жатты. Осының өзі-ақ қазақстандықтардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, болашаққа деген ұмтылысын байқатады дер едім.

Хабар 24 телеарнасы