389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат төрағасы Швеция Корольдігінің байқаушысымен кездесті

  • 272
  • UPD: 23:57, 10.06.2019

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Швеция Корольдігінің байқаушысы, елші, швед үкіметінің Солтүстік Корея және Мьянма мәселелері жөніндегі арнаулы уәкілі Кент Харстедпен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дариға Назарбаева шетелдік мейманға Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына байқаушы ретінде қатысқаны үшін алғыс білдірді. Өз кезегінде Кент Харстед саяси науқан ашық өткенін және сайлауға мониторинг жүргізу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Кездесуде тараптар түрлі бағыттар бойынша пікір алмасты. Сенат төрағасының пайымынша, қос ел индустрия, IT және жасыл технологиялар мен экотуризм салалары бойынша байланысты одан әрі жандандыра алады.

Хабар 24 телеарнасы