378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық бақылаушы: Сайлау кезінде демократиялық таңдау қағидалары сақталды деп айта аламын

  • 107
  • UPD: 23:57, 10.06.2019

Қазақстанда өткен президент сайлауында халықаралық талаптар толықтай сақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саяси науқанда халықтың белсенділігі жоғары болды. Бұл елдің болашаққа деген ұмтылысын көрсетеді. Ислам ынтымақтастығы ұйымының бақылаушылары баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Миссия өкілдері алты бірдей сайлау учаскесінде болып, бюллетеньдердің қалай саналғандығын бақылаған.

Махмуд Әл-Раиси, халықаралық бақылаушы:

- Біз болған учаскелердің ешқайсысында заң бұзушылық анықталған жоқ. Алаяқтық оқиғалар тіркелмеді. Барлығында сайлау процесін президенттікке үміткерлердің өкілдері өздері бақылып көріп отырды. Жұртшылық емін-еркін келіп өз таңдауларын жасады. Сайлау кезінде демократиялық таңдау қағидалары сақталды деп айта аламын.

Хабар 24 телеарнасы