384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Америкалық сарапшы: Қазақстанда оппозициялық күштердің рөлі артып отыр

  • 69
  • UPD: 23:56, 10.06.2019

Қазақстанның тарихында алғаш рет президенттік сайлауда бәсеке мықты болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеті кандидаттың арасындағы саяси сайыс өте тартысты өтті. Бұл туралы Америка Құрама Штаттарынан келген байқаушылар айтып отыр. Олар саяси процесті Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола облысындағы 61 сайлау учаскесінде бақылады.

Дэниэл Уитт, байқаушылар миссиясының басшысы /АҚШ/:

- Бүгінде Қазақстанда оппозициялық күштердің рөлі артып отырғанын байқауға болады. Егер сайлауға дейін Әміржан Қосановқа сайлаушылардың 6-7 пайызы ғана дауыс береді десе, бүгін бұл кандидат 15 проценттен көп дауыс жинағанын көріп отырмыз. Сіздің мемлекет демократиялық қоғам құру жолында үлкен қадам жасады. Саяси процеске дейін біз жеті үміткердің бәрімін кездестік. Олардың барлығы сайлауалды науқанның ойдағыдай өтіп жатқанын, сондай-ақ дауыс беру қорытындыларына сенетінін бірауыздан айтты.

Хабар 24 телеарнасы