378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Зенн: Қ.Тоқаев мемлекеттің сыртқы саясатын да дамыта бермек

  • 124
  • UPD: 23:56, 10.06.2019

Шетелдік сарапшы Джейкоб Зенн Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды жаңа сатыға көтереріне сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джорджтаун университетінің профессоры кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен танысып шыққанын, онда ел келешегі үшін маңызды бағыттар қамтылғанын айтады.

Джейкоб Зенн, Джорджтаун университетінің  профессоры, АҚШ:

- Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын жалғастырады деп ойлаймын. Ол халықпен етене байланыс орнатуға бекініп отыр. Тоқаев мемлекеттің сыртқы саясатын да дамыта бермек. Қазақстанның дамуы мен алға жылжуы – оның басты мұраты.

Хабар 24 телеарнасы