378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сарапшылар: Науқанның халықаралық талаптарға сай болуы үшін барлық жағдай жасалды

  • 106
  • UPD: 23:56, 10.06.2019

Елордада қазақстандық және шетелдік сарапшылар бас қосты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар кезектен тыс президент сайлауының барысы мен экзитпол қорытындылары жайында пікір алмасты. Жиынға Беларусь, Әзербайжан, Израиль, АҚШ елдерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан – тоғыз жолдың торабында, Еуразияның қақ ортасында орналасқан мемлекет. Мұнда Еуразиялық экономикалық одақ пен Қытайдың бастамалары түйіседі. Орталық Азия саясатындағы салмағы мен маңызы да орасан. Бұл елдегі кез келген өзгеріс көрші мемлекеттерге ықпал етпей қоймайды. Сондықтан Нұрсұлтан Назарбевтың қатысуынсыз өткен президент сайлауы көпшілікті алаңдатты. Оның қорытындысы елдің саяси күн тәртібін айқындайды.

Фархад Мамедов, саясаттанушы, /Әзербайжан/:

- Үміткерлердің басым бөлігі президенттік сайлауға алғаш рет түсіп отыр. Яғни кандидаттардың электораттық шама-шарқы тең болды. Сондықтан осы жолғы сайлауға көпшілік ерекше назар аударды. Кандидаттардың бағдарламасына да айрықша көңіл бөлінді. Әсіресе шетелдік сарапшыларды олардың сыртқы саясат бойынша ұстанымдары қызықтырды.

Бұған дейін Беларусь пен Қазақстандағы президент сайлаулары ұқсас жағдайда өтетін. Алайда бұл жолғы науқанның орны бөлек. Себебі тәуелсіз Қазақстанда алғаш рет мемлекет басшысы ауысты. Беларусь Республикасынан келген сарапшы Арсений Сивицки осы тәжірибені терең зерттеген. Оның айтуынша, қазақстандықтар алғашқы Президенттің саясатын одан ары жалғастыру жолын таңдады.

Арсений Сивицки, Сыртқы саясат және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры /Беларусь/:

- 2005 жылдан бері алғаш рет үміткерлер арасында тікелей эфирде теледебат өтті. Сайлаушылардың үгіт-насихат жүргізуіне де бірдей мүмкіндік берілді. Науқанның халықаралық талаптарға сай болуы үшін барлық жағдай жасалды. Сайлау қорытындысын Қазақстан қоғамы қалай қабылдайды? Халықаралық қауымдастықтар қалай баға береді? Ең бастысы осы. Осы үдеден шығу басымдық берілгені сезіледі.

Сарапшылар тұрғындардың сайлауға белсенді қатысқанын атап өтті. Яғни азаматтар ел болашағына бейжәй қарамайды. Саясатқа қызығушылық бар. Бұл алдағы Парламент мен мәслихат депутаттарының сайлауы тартысты өтетінін айғақтайды.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы