382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандықтар жаңа кезеңге аяқ басты

  • 102
  • UPD: 23:56, 10.06.2019

Билікті ізбасарына өткізіп жаңа Қазақстанның құрылуына бағыт берген Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси қадамы әлем жұртын әлі де таңдандыруда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал кешегі кезектен тыс Президент сайлауы халықтың да жаңашылдыққа дайын екенін паш еткендей. Бұл туралы елордада өткен «Билік транзиті – Жаңа Қазақстан: элиталардың топтасуы» атты халықаралық конференцияда айтылды. Негізгі спикерлер – сайлауға бақылау жасаған шетелдік байқаушылар. Олар әлемдегі геосаяси ахуал шиеленісіп тұрған заманда қазақстандықтардың бір мүдделі болуы құптарлық екенін айтады.

Ричард Вайц, Әскери-саяси талдау орталығының директоры /АҚШ/:

- Мен бірнеше жыл қатарынан Қазақстандағы сайлауларда байқаушы болдым. Америкада мұндай тәжірибе жоқ. Сіздердегі жергілікті және халықаралық байқаушылардың көп болуы сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне негіз деп ойлаймын. Мен Алматыдағы бірқатар сайлау учаскелерінде болдым. Конституциялық құқығын пайдаланғысы келмейтін азаматтарды мәжбүрлеу деген болмады. Бұл жақсы үрдіс.

Бениамин Матевосян, сарапшы, зерттеу институтының саясаттанушысы /Армения/:

- Армениядағы жағдаймен салыстырсам, былтыр билікке қарсы шыққан жерлестерім жыл соңында өткен сайлауға түгел келмеді. Бар-жоғы 46 пайыздайы қатысқан. Сіздерде халықтың 70 проценті сайлауға келіп, өз таңдауын жасады. Демек халық жаңа Қазақстанды құруға дайын. Енді Президенттеріңіз бұл сенімді ақтауы керек. Бұл үлкен жауапкершілік.

Хабар 24 телеарнасы