389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел президентінің атына шетелдік басшылардан құттықтаулар келіп түсуде

  • 381
  • UPD: 23:15, 10.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің құттықтау жеделхаты келіп түсті.

«Сіздің Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануыңызға байланысты Үкіметтің және қытай халқының, сондай-ақ, жеке өзімнің атымнан жүрекжарды құттықтауым мен ізгі тілегімді білдіруді абырой санаймын.

Қытай мен Қазақстан тату көрші әрі стратегиялық әріптес саналады. Мен қазақ-қытай қатынастарын тереңдетуге баса мән беремін. Осыған дейінгі мемлекеттер басшыларының эстафетасын қабылдай отырып, екі елдің тұрақты әрі ұзақ мерзімді дамуы үшін жаңа парақты ашамыз және Сізбен тығыз байланыс орнатамыз деп үміттенемін», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті.

Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинян Қасым-Жомарт Тоқаевты президент сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, достас Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения үкіметінің басшысына құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, қазақ-армян ынтымақтастығын екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да дамытуды жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының президенті сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке құттықтағаны үшін ризашылық білдіріп, Әзербайжанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясатын жалғастыратынын атап өтті.

Ақпарат көзі: Ақорданың баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы