378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Халықаралық байқаушы: Алматыдағы сайлау талапқа сай өтті

  • 164
  • UPD: 23:54, 10.06.2019
Халықаралық байқаушы: Алматыдағы сайлау талапқа сай өтті

«Алматыдағы Бостандық және Наурызбай ауданында сайлаушылардың дауыс беруі кезінде заң бұзушылық болған жоқ», – деп мәлімдеді Германиядан келген байқаушылар.

Олар сондай-ақ қаладағы бірнеше сайлау учаскелерін аралап шыққан, деп хабарлайды «Хабар 24». Айтуынша, жастардың, студенттердің белсенділігі таңдандырған. «Халықаралық байқаушылардың Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы туралы қорытынды пікірі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының есебінде айтылатын болады», – деді халықаралық байқаушы Вольф-Рутхарт Борн.

Вольф-Рутхарт Борн, халықаралық байқаушы, /Германия/:

- Мен барлық сайлау учаскелерінде болған жоқпын. Бірақ менің жолым түскен сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі заң аясында өтті. Онда барлығы әділ болды деп айтуға болады. Жалпы, Алматыдағы сайлау талапқа сай өтті.

Хабар 24 телеарнасы