379,60 431.00 6.04
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Такео Кавамура: Қазақ халқы дұрыс таңдау жасады

  • 99
  • UPD: 11:49, 11.06.2019

Жапония парламентінің депутаттары Қазақстандағы президент сайлауын мұқият бақылады.

Алғашқылардың бірі болып саяси науқанның қорытындысын Қазақстанмен достық лигасының жетекшісі Такео Кавамура өз пікірін білдірді. Арнамызға берген сұхбатында Қазақстан халқының басым бөлігі өз таңдауын дұрыс жасағанын атап өтті. Яғни халық тұрақтылық пен саяси сабақтастықтың өзара жалғасуына мүдделі екендігін дәлелдеді. 

Такео Кавамура, Жапония Парламенті өкілдер палатасының депутаты:

– Қасым-Жомарт Тоқаев 70 проценттен аса дауыс жинап, жеңіске жеткеніне ризамын. Бұл көрсеткіш – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген саясатының нәтижесі. Тоқаев мырза сайлауалды тұғырнамасында осы саяси бағытты одан әрі жалғастыруға уәде бергенін білемін.

Хабар 24 телеарнасы