389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ Бас хатшысы құттықтады

  • 308
  • UPD: 11:24, 11.06.2019
Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ Бас хатшысы құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтаулар келіп түсуде.

БҰҰ 8-ші Бас хатшысы, Ёнсэ университетінің жанындағы Жаһандық іс-қимылдар институтының құрметті төрағасы Пан Ги Мун Қасым-Жомарт Тоқаевты жауапты мемлекеттік лауазымға сайлануымен шын жүректен құттықтады. Жеделхатта Мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмыс тәжірибесі, әртүрлі мүдделі тараптарды келісімге келтіру қабілеті Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген.

«Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет. Сіздің дипломатияны терең түсінетініңіз еліңіздегі мемлекеттік құрылыс пен әлеуметтік-экономикалық дамуға ықпал етеді деп ойлаймын. Алдағы уақытта әлемнің болашағын жарқын қылу мақсатында күш-жігер біріктіріп, ынтымақтастығымызды жалғастыра бергіміз келеді», - делінген жеделхатта.

Хабар 24 телеарнасы