383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Расим Мусабеков: Қазақстан мен Әзербайжан әріптестік қатынасты одан әрі нығайтатыны анық

  • 99
  • UPD: 14:03, 11.06.2019

Қазақстандағы президенттік сайлау ашық өтті.

Бұл – Әзербайжан парламентінің депутаты, саясаттанушы Расим Мұсабековтың пікірі. Оның айтуынша, Президент пен оппозиция өкілдерінен бөлек өзге де үміткерлердің сайлауға түсуі елде саяси бәсекелестіктің қалыптасқанын байқатты. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеңіске жетуін қазақстандықтар да, сыртқы саясаттағы әріптестер де заңды құбылыс деп таниды. Себебі оның саяси бағыт-бағдары елдегі тұрақтылықтың кепілі саналады дейді саясаттанушы. 

Расим Мусабеков, Парламент депутаты:

– Саясатта, әсіресе халықаралық қатынастарда ашықтыққа жіті мән беріледі. Бұл тұрғыда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық ынтымақтастық жалғасын табатынына кәміл сенімдіміз. Менің ойымша, алдағы уақытта қос тарап та өзара тиімді әріптестік қатынасты нығайтуға бар күш-жігерін салары анық.

Хабар 24 телеарнасы