382,75 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Дастан Жұмабеков: Қазақстан мен Қырғызстан барлық салада байланысты нығайтады

  • 113
  • UPD: 14:04, 11.06.2019

Қырғызстан парламентінің спикері Дастан Жұмабеков Жогорку Кенеш депутаттары атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

Арнамызға берген сұхбатында Дастан Жұмабеков көрші елдің парламентарийлері сайлау барысын мұқият бақылағанын айтты. Үміткерлерді тіркеуден бастап дауыс беруге дейін бүкіл сайлауалды науқаны ашық түрде өткенін жеткізді. Бұл Қазақстан сайлау жүйесінің тиімділігі мен халықтың сенімі және сайлауға қатысушылардың саяси саналығын айғақтаған фактор болса керекті. 

Дастан Жұмабеков, Жогорку кенеш спикері:

– Қазақстанның жаңа басшылығымен де екіжақты ынтымақтастығымызды әрі қарай дамыта түсетіндігіне сенімдімін. Бұл тек экономикалық саламен шектелмейді, бұл туралы екі елдің президенттері үнемі айтып келеді. Қырғызстан парламенті мен үкіметі қай салада болсын, оның ішінде мәдени һәм гуманитарлық байланыстарды нығайтуға бар күш-жігерін салады.

Хабар 24 телеарнасы